2.04.2018, 15:40
Оқылды: 33

Тасқалада ауыз суға төлем онлайн қабылдана бастады

 

Тасқала аудандық коммуналдық шаруашылық бөлімі мәліметінше, 1 cәуірден бастап судың 1 текше метрі тұрғындар үшін 297,21, бюджеттік мекемелерге 537,21, басқа тұтынушыларға 321,21 теңге болып өзгерген.

Сумен қамту бойынша қызметтер үшін төлем айына 1 адамға (су есептегіш құралдары жоқ) – 360,78  теңге. Ауданға қарасты Мереке, Айнабұлақ, Аққайнар, Ақтау, Атамекен, Достық, Өркен, Оян және Тасқала ауылдары тұрғындары үшін (субсидиялау нормаларын 1 адамға айына 1,8 м.куб сақталған жағдайда) су есептегіш құралы үй ішінде орналасса, 1 текше метр ауыз суға 30 теңге, егер құрал орталық су желісіндегі сақинада (шахталарда) орнатылса - 1 текше метр ауыз суға 40 теңге төлейді. Нормадан асып кеткен жағдайда тұтынудың құнын нақты белгіленген тарифпен төлейді.

Тұтынушыға ыңғайлы болу үшін төлемді былайша жүзеге асыруға болады.

Біріншіден, төлемдер касса арқылы қабылданады. «Қазпошта» АҚ арқылы комиссия 0%. Ал «Қазақстан Халық банкі» АҚ   комиссия 1% құрайды.Аз дегенде 200 теңге, ең жоғары  3000 теңге  (зейнеткерлер үшін ең төмені 50 теңгеден 3000 теңгеге дейін).

Екіншіден, комиссиясыз онлайн төлей аласыз.         «Қазақстан Халық банкі» АҚ-ның жеке тұлғаларға арналған интернет-банкинг  жүйесіне қосылған барлық клиенттерге  тегін. QIWI әмиян арқылы Қазақстан, Ресейде және өзге де ТМД елдерінде төлем жүйесі бойынша жеке, интернет және мобильді байланыс арналары төлем жасауға мүмкіндік бар.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале