16.11.2018, 12:15
Оқылды: 44

Тасқалада деструктивті діни ағымдағылар бақылауда

Тасқала декструктивті діни ағымдағы азаматтармен жүргізілетін шаралар туралы отырыс өтті.

 din

        

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мамандардың сөзіне сүйенсек, аудан бойынша жат діннің ағымында жүрген тұрғындар саны көп емес. Ал тізімге іліккендердің көбі басқа жақтан көшіп келгендер. Аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Айгүл Серікбайқызы өз сөзінде жат діннің қармауында кеткен жандармен жұмыс үздіксіз жүргізіліп, тиімді деген шаралар қолданылуда екенін айтты. Ал «Руханият» ҚБ теолог маманы Қ.Тыным баяндамасында аудандық мешіт жамағатына ай сайын мониторинг жұмысы жүргізіліп, оқушылар және мекеме мамандарымен кездесулер ұйымдастырылатынын жеткізді.

-Ақпараттық түсіндіру тобы профилактикалық іс-шараларды жиі ұйымдастырады. Атап айтқанда жастармен және мектеп оқушыларымен кездесіп, олармен әңгімелесу, түсіндіру жұмысын өткізу басты назарда. Сондай-ақ аудандық мешіт жамағатына ай сайын мониторинг жүргізіп, оңалту мақсатында 5 адаммен 41 әңгімелесу өтті. Жалпы жыл басында деструктивті діни ағымдағы жандардың тізіміне 5 адам енген болса, Ақтөбе қаласынан қоныс аударған 1 адам тізімге енбеген, алайда бүгінде аудандық ішкі істер бөлімінің тізіміне енгізіліп, бақылауда тұр. Түсіндіру жұмыстары нәтижесінде 2 адам дәстүрлі Әбу Ханифа мәзһабына ауысты,- деді Қуаңғали Тыным.

Баяндамалар тыңдалған соң аудан басшысы атқарылып отырған жұмыстардың көңіл қуантарлығын жеткізді.

-Қазір қоғамдағы өзекті деген мәселенің барлығы діннің бұрмалануынан шығып отыр. Адам санасын улаған жат діннің жетегінде кеткендер сол жолда қандай құрбандыққа барып жатқандарын әсте білмейді. Отбасынан, елінен, тума-туыстан бас тартып, бұлыңғыр оймен өмір сүруде. Жалпы бір жыл көлемінде атқарылған жұмыстар көңіл толтырады. Алайда, босансытып алмай, осы деңгейде жұмысты жалғастыра беру керек,- деді Алдияр Сансызбайұлы.

Аталмыш мәселе бойынша атқарылар жұмыстардың нәтижелі болуын қадағалау ауылдық округ әкімдеріне де тапсырылды.

Назгүл СЕРІКҚЫЗЫ,

Тасқала ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтары біздің Instagram және Telegram-парақшамызда. Жазылыңыздар!

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале