15.11.2017, 14:58
Оқылды: 53

Тасқалада дзюдодан үйірме ашылды

CCOV6bfOXmQТасқала ауданы Қазақстан ауылдық округында дзюдо күресінен үйірме жұмысын бастады.

Аудандық балалар және жасөспірімдер спорт мектебі жанынан ашылған секцияда 22 бала жаттығып жүр. Үйірме татамименде қамтамсыз етілген.Аптасына төрт шынығатын шәкірттер, екі топта жаттығады.Ауыл спортын алға жетелеп, балалардың бос уақытын тиімді өткізіп, салауатты өмір салтын сақтауды мақсат тұтқан секция болашағынан үлкен үміт күттіретіні анық.

-Балалардың талпынысы жаман емес, - дейді олардың бапкері Нұрсұлтан Болат. Жас бапкер Орал қалалықЖ.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледж түлегі. Облыс орлатығында дәстүрлі түрде өтетін,самбодан әлем чемпионы А.Шайхиевті еске алуға арналған халықаралық турнирдің бірнеше мәрте жүлдегері.

Өмірін спортпен байланыстыратын жеткіншектер де ауылда дзюдодан үйірме ашылғанына дән риза.

Динара НАСЫР,

Тасқала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале