3.04.2018, 11:55
Оқылды: 52

Тасқалада кейбір көшелерді су басу қаупі бар

 

Көктемгі су тасқынының алдын алу мақсатында қауіп төнген көшелер назарға алынуда. Бұл орайда тұрғындар арасына арнайы жасалған түсіндіру парақтары үлестірілді.

Өзен көтерілген кезде су басу қаупі болатыны көптен айтылуда. Тіпті тұрғындар мен барлық мекеме қызметкерлер қайта-қайта сенбіліктер де ұйымдастырып, жол бойындағы арықтарды қардан тазалау жұмыстарын атқарған еді. Бүгінде, аудан әкімдігімен қоса, жастармен жұмыс жөніндегі орталық, ішкі саясат бөлімі мен жергілікті полициця қызметкерлерінен құралған түсіндіру тобы су басу қаупі төнген аймақтағы үйлерді аралады. Көктемгі ауа температурасының кенет көтерілуі мен қардың жылдам еру жағдайында қандай әрекет жасау керегін түсіндірді.

Жалпы эвакуация жайлы хабарлама алған кезде жасайтын әрекеттер аталып, құжаттар мен дәрілер жиынтығын құрғақ жерге сақтау тапсырылды. Сондай-ақ үй жануарларының да қауіпсіз болуы айтылды.

Әсемгүл СЕРІКҚАЛИҚЫЗЫ,

Тасқала ауданы

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале