20.09.2017, 15:38
Оқылды: 27

Тасқалада кісі өлімі ашылды

13 қыркүйек күні кешкісін Тасқала ауданындағы бұрынғы монтаждау құрылыс басқармасы ғимаратының аумағында адамның өлі денесі табылды. Полиция қызметкерлерінің жедел іздестіруінің нәтижесінде күдікті адам ұсталды.

Аудандық ішкі істер бөлімінің басшысы Әлішер Сарының айтуынша, аталған аумақта жатқан адамды негізі сол бағытта тұратын бірнеше адам көрген. Бірақ олар ішімдік ішіп, ұйықтап жатқан адам болар деп мән бермеген.  Тек екі күн өткен соң бір жігіт аудандық ауруханаға хабарлап екі күн бойы бір адамның қозғалмастан жатқанын жеткізеді. Тексеру жұмыстарының нәтижесінде күдікті ұсталып, тергеу жұмыстары аяқталды. Қылмыскерлер кінәсін мойындады. Іс сотқа жіберілді.

Әлішер Сағындықұлы осындай жайттарды  көре тұра құзырлы органдарға уақытында хабар бермеген тұрғындарға немқұрайлылық танытқандары үшін қынжылатынын тілге тиек етті.

Н.Серікқызы,

Тасқала ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале