1.10.2018, 9:37
Оқылды: 58

Тасқалада кітап фестивалі ұйымдастырылды

Тасқала ауданында «Оқырман ұрпақ – Қазақстанның болашағы» атауымен облыстық «Ауыл фестивалі» жобасы аясында кітап фестивалі ұйымдастырылды. Шараның өтуіне аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі мұрындық болды.

kitap

Алдымен «Азалы ана» ескерткішіне гүл шоқтарын қоюдан басталған шара әрі қарай «Туған өлкем – тұнған шежірем» атты фото көрме мен аудандық мәдени демалыс орталығы жанынан ашылған «Рухани жаңғыру» залын тамашалаумен жалғасты. Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры А.Нұрмақовтың сөзіне сүйенсек аталмыш шара мамандардың басын қосып, кітап сүйер қауымның қатарын көбейтуді мақсат тұтқан.

-Фестиваль өскелең ұрпақтың рухани білімін арттыру, туған өлкеміздің тарихы мен мәдениетін, жалпы өлкетану жұмыстарын жандандыру мақсатында өтіп жатыр. Облыстық кітапхана мен көршілес аудандардан келген әріптестердің өзара тәжірибе алмасып, кәсіби тұрғыдан шыңдалуына мүмкіндік береді.

Фестиваль барысында өзге де бағдарламаларға қоса жас кітапханашылар жерлес ақын А.Нәріковтің өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Сонымен қатар қызмет барысында айтулы жетістіктерге жеткен бір топ мамандар марапатталды.

Бақтыгүл ШОТАНОВА,

Тасқала ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтары біздің Telegram-парақшамызда. Жазылыңыздар!

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале