15.05.2017, 10:43
Оқылды: 82

Ардагер ұстазға құрмет көрсетті

Janibek enbegine karai kyrmet  Жәнібек ауданының әкімі Наурызбай Қарағойшин ауданымызда еселі еңбек еткен, білім беру саласында бел шешпей қызмет атқарған, елге сыйлы Болат Закаринді 75 жасқа толуына орай қабылдап, құттықтау хат табыс етіп, иығына шапан жапты.


  Болат Закарин 1942 жылы 12 мамырда Жәнібек ауданының Ақоба ауылында дүниеге келген. 1965 жылы Орал қаласындағы А.С.Пушкин атындағы педагогикалық институтының «тарих-филология» факультетін тәмамдаған. 1965-1972 жж. қазақ тілі пәнінің мұғалімі, оқу ісінің меңгерушісі, 1972-1978 жж. Т.Жароков атындағы орта мектептің мұғалімі, 1979-1992 жж. аудандық «Октябрь туы» газетінің жауапты хатшысы, 1993-2005 жж. аудандық білім беру бөлімінің әдіскері, 2006-2011 жж. аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы қызметтерін абыройлы атқарып, елге еңбегі сіңген асыл азамат.

  Өз кезегінде мерейтой иесі ақсақалын ұмытпай, үлкенге лайық құрмет көрсеткен аудан басшылығына зор алғысын білдірді.

Арайлым КЕСЕКОВА

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале