11.10.2019, 17:04
Оқылды: 262

Тасқалада көп қабатты тұрғын үйдің кілті табысталды

Тасқала ауданы орталығында «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасымен салынған 72 пәтерлі көп қабатты тұрғын үйдің кілті табысталды.

 tasqala (2)

Қоңыс тойдың ашылу салтанатына арнайы қатысқан өңір басшысы Ғали Есқалиев тұрғындарды құттықтады.

tasqala 2 (4)

-Осы күнді көптен күткендеріңізді білеміз. Сіздер үшін өте қуаныштымын. Қоңыстарыңыз құтты болсын! Құрылыс жұмысын жауаркершілігіне алған «Альтаир» ЖШС ұзақ уақыттан бері өз ісін абыроймен атқарып келеді. Олардың жұмысы қашан да сапалы. Сондықтан баршаңыздың атыңыздан құрылыс жұмысын жүргізген серіктестікке алғысымды білдіремін,- деді Ғ.Есқалиев.

tasqala (24)

Шара барысында тұрғындарға пәтер кілттері табыс етілді. Айта кетейік, олардың қатарында мүмкіндігі шектеулі жандар, көп балалы, аз қамтылған отбасылар бар. Сондай-ақ мемлекеттік қызметкерлер де баспаналы болды.

-Тасқала ауданына көшіп келгелі 20 жылдай уақыт өтті. Біраз уақыт пәтер жалдап тұрған соң, ата-анамыз сатып алған үйге көштік. Екі ұл, екі қыз өсіріп отырған көп балалы анамын. Бүгінде балаларымның алды оқу бітіріп, қызмет жасап жатыр. Кезекте тұрып бүгін осы пәтерге қол жеткіздік. Қуанышымда шек жоқ,- дейді жаңа пәтер иесі Венера Жұмашева.

Айта кетейік, бүгінде ауданда тұрғын үй кезегінде 301 азамат тұр.

Әсемгүл Аманова

суретке түсірген Мейірбек Тажкуранов

Тасқала ауданы

zhaikpress.kz

tasqala (10) tasqala (14) tasqala (26) tasqala (28) tasqala 2 (1) tasqala 2 (5) tasqala 2 (6)

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале