22.12.2018, 11:18
Оқылды: 24

Тасқалада қосымша білім беруге 100 жыл толуы аталып өтті

Салтанатты жиынды Тасқала аудандық білім бөлімі ұйымдастырды.

FB_IMG_1545455605831

 

Облыс орталығынан арнайы келген қонақтар мен аудан тұрғындары аудандық мәдени-демалыс орталығының фойесінде орналасқан қолөнер бұйымдарының көрмесін, туристік құрал-жабдықтарды, сондай-ақ, роботтық техникалардың жарысы мен көрмелерін тамашалады. Салтанатты жиында сөз алған аудан әкімі А.Халелов барша қосымша білім беру педагогтарын мерекемен құтттықтап, шығармашылық табыс, жұмыстарына жетістік тіледі. Облыс әкімі А.Көлгіновтің «Алғыс хатымен» Ү.Шүкірованы, және облыстық білім басқармасының «Құрмет грамотасымен» мекеме басшыларын және сала мамандарын, аудан әкімінің «Алғыс хатымен» бірнеше педагогты марапаттады. Сонымен қатар, білім бөлімі басшысының м.а. Г.Батырғалиева аудандық білім бөлімінің «Алғыс хатымен» өз саласында жетістікке жетіп, шәкірттерді тәрбиелеп жүрген ұстаздарды марапаттады.

Мерекелік шара соңы аудандық қосымша білім беру ұйымдарының оқушылары мен оқытушыларының мерекелік концертіне ұласып, халыққа рухани азық болар ұлттық аспаптарымызбен күй тартылып, халық әндері айтылды.

FB_IMG_1545455611201

 

Тасқала ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале