16.01.2019, 11:34
Оқылды: 27

Тасқалада мал азығы жетпей қалуы мүмкін

Ауа райының қолайсыздығы шаруаларды алаңдатуда. Әсіресе, тебінде жүрген жылқы малының тұрып қалуы ықтимал. Бұл туралы аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы С.Шүкіров хабарлады.

tasqala jinalys (1)

-Мал азығы жоспардағыдай жиналса да, қыстың қаттылығына байланысты жетпей қалуы мүмкін. Даладағы малдың, соның ішінде тебіндегі жылқы малының жағдайы алаңдатып отыр,- деді.

-Қыстың орта шамасына жетіп үлгермедік, ауа райының түрін көріп тұрсыз. Алда әлі қандай боран мен аяз боларын білер ешкім жоқ. Сондықтан арқаны кеңге жаю әлі ерте. Тек қана аудан тұрғындарының емес, жалпы аудан аумағындағы әр жағдай біздің жауапкершілігімізде. Сондықтан барлық жұмыс көздерін біріктіруіміз керек. Қосымша техника сұратып жұмысты еселендіру қажет. Ертең мүлде әліміз жетпей қалудың алдын алу жолдарын ойлау керек,- деді Алдияр Сансызбайұлы.

Назгүл Жәрдемова,

Тасқала ауданы

© zhaikpress.kz

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале