24.05.2018, 17:24
Оқылды: 26

Тасқалада «Мерейлі отбасы» анықталды

¬ҐаҐ©«і ®вЎ бл (2)Республикалық отбасылар сайысының аудандық кезеңі қорытындыланды. «Шығармашыл отбасы» аталмының жеңімпазы мерекелік Меңдіғалиевтер шаңырағы мен «Мерейлі отбасы» аталымының иегері шежіндік Қадырәлиевтер жанұясы облыс көлемінде ауданымыздың намысын қорғайтын болады.

Бұл сайыс ынтымағы мен ауызбіршілігі жарасқан, айрандай ұйып отбасылық құндылықтарды дәріптеп жүрген шаңырақ мүшелерін айналасына жинаған. Кеш қонақтары бала өсіріп келін түсірген, немере сүйіп оның қызығына бөленген ата-әженің бәйтерекке айналғанының куәгері болды.

Отбасылық құндылықты дәріптеп келген өзге шаңырақ иелері «Білімді отбасы», «Өнегелі отбасы», «Мейірімді отбасы», «Ұлағатты отбасы», «Белсенді отбасы», «Еңбекқор отбасы», «Көрермендер көзайымы», «Ынтымақты отбасы», «Үлгілі тбасы», «Шежірелі отбасы», «Тату отбасы», «Өнерлі отбасы» аталымдарына ие болды.

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале