27.10.2020, 10:18
Оқылды: 48

Тасқалада «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы жұмыстардың ауқымы кең

Жуырда аудан әкімінің орынбасары Талғат Шакировтің төрағалық етуімен аудан әкімдігі жанындағы «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша құрылған жұмыс тобының отырысы өтті. Жиынға дербес бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері қатысты.

Рж отырысы

Жиын барысында ІІ Шежін ауылында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жер» арнайы жобасы аясында 2020 жылы жүзеге асқан жобалар жөнінде аталмыш округ әкімі Алғадай Жамбылдың баяндамасы тыңдалды. Аталған бағыттағы жұмыстарды одан әрі жалғастыру, жобаларға демеушілер мен меценаттарды тарту мақсатында үнемі түсінік жұмыстары жүргізіліп отырады. Соның нәтижесінде биылғы жылдың қаңтар-қыркүйек айларында жалпы сомасы 29 млн. 450 мың теңгені құрайтын жобалар іске асты. Осы бағыттағы ауыл тұрғындарының әлеуметтік әлахуалын жақсартуға бағытталған жұмыстар болашақта да өз жалғасын табатын болады, – деді ол өз баяндамасында.

Кейін сөз алған аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Айгүл Дүйсенова «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында аудан көлемінде биылғы жылдың қаңтар-қыркүйек айларында өткен шаралар жөнінде баяндады. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөліміне қарасты мекемелерде мәдени-спорттық шаралар ұйымдастырылды. Соның ішінде, аудандық мәденидемалыс орталығы бойынша 56 шара ұйымдастырылып, 4838 көрермен қамтылды. Аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде 15 шара өтіп, оған 252 оқырман қатыстырылса, бірнеше спорттық шараларда 200-ге жуық адам қамтылды. Еліміздегі болып жатқан індетке байланысты бірқатар шаралар өткізілмеді. Алайда бөлім тарапынан 2021 жылға арналған жоспар жасақталды. Алдағы уақытта мәдени-спорттық шаралар ұйымдастырылатын болады, – деді өз баяндамасында Айгүл Серікбайқызы.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында аудан бойынша 2020 жылдың қаңтар, қыркүйек айларында атқарылған жұмыстар және 2021 жылға арналған жоспар туралы Тасқала аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Думан Ғазез баяндады. Ол өз сөзінде осы бағдарлама аясында ұлттық спорт түрлері бойынша шаралар өткізуге шақырды.

Жоғарыдағы мәселе бойынша баяндамашылардың ақпараттары назарға алынып, шешімдер қабылданды.

Бек Болат,

Тасқала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале