27.05.2020, 6:26
Оқылды: 35

Тасқалада сауда орындарына мониторинг жүргізілді

Карантиндік режимді қамтамасыз ету мақсатында құрамында жергілікті атқарушы орган, полиция, санитарлық-эпидемиологиялық қызметкерлер, сондай-ақ «Атамекен» палатасының өкілі бар мобильдік топ Тасқала ауданы орталығындағы сауда орындарына мониторинг жүргізді.

E2BBA0B2-D39B-4B4F-B864-41F5CDB73940

Аталған топ мүшелері сауда орындарында санитайзер және тағы да басқа жеке гигиеналық заттардың болуын және міндетті түрде сатушының бетперде, қорғаныс қолғаптарын пайдалануын жіті бақылауға алды. Әрі бұл талаптар орындалмаған жағдайда әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын ескертті.

A08DBE07-696D-4466-99FF-0BFCB36DC45D

Автобөлшектер дүкені сатушысы Садықов Теміржан: "Осындай тексерістің болып тұрғаны дұрыс деп ойлаймын. Мұның бәрі біреу үшін емес, өзің үшін қажет. Денсаулықты сақтаған дұрыс. «Сақтағанды құдай сақтайды» демей ме?! Мен өзім бетпердемен жұмыс жасаймын. Сақтық шараларын алдын алу мақсатында дүкенде арақашықтық белгілері қойылған. Дүкенге тұтынушылардың 90 пайыздан астамы бетпердемен келеді.

Иә, аудандағы қай сауда орындарына кірсеңіз де, бетперде киіп, тұрғындар сұранысын өтеп жатқан сатушыларды көресіз. Халық бұл індеттің тарауына жол бермеу үшін сақтық шараларын мұқият қадағалау керегін ұғынған. Сатып алушылар да осы талап үрдісінен шықпаған. Карантиндік режим кезінде қарыпайым халық осы қағиданы үнемі есте ұстаса", - дейді.

Болат Бек

Тасқала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале