9.04.2018, 22:38
Оқылды: 38

Тасқалада су тасқыны жағдайы ерекше бақылауда

Screenshot_2018-04-09-22-25-37-1Тасқала ауданында даладағы қардың тез еруіне байланысты каналдар суға тола бастады. Бүгін Тасқала ауылында аудандық аурухана аумағындағы ауылдың ішімен өтіп, Деркөл өзеніне құйылатын канал суының деңгейі көтеріліп, канал бойындағы үйлерге су кіру қаупі төнді.


Screenshot_2018-04-09-22-25-52-1«Су басу қаупінің алдын алу мақсатында Маяковский және Горький көшелерін жалғастырып тұрған автокөлік өтетін бөгет жырылып, судың ағу бағыты аршылды. Қауіп сейілгеннен кейін бөгет қайта қалпына келтірілетін болады», - деді Тасқала ауданының әкімі С.Әлиев.

Screenshot_2018-04-09-22-26-06-1Әкімнің айтуынша, болашақта гидротехникалық құрылысты салу қажеттілігі бар. Сонымен қатар аудан әкімі су тасқыны жағдайы ерекше бақылауда тұрғанын атап өтті.

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале