11.10.2019, 16:08
Оқылды: 609

Тасқалада супермаркет ашылды

Бүгін Тасқала ауданы орталығында «Alem» супермаркеті ашылды. Оған қатысқан облыс әкімі Ғали Есқалиев елімізде кәсібін ашам деген жандарға үлкен қолдау бар екенін айтып, жаңа нысанның қожайыны Қуанжан Абатовтың кәсібіне сәттілік тіледі.

tasqala (3)

Облыс әкімі Ғали Есқалиев пен аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жәрдемғали Балықов нысанның лентасын қиды.

tasqala (6)

Шара барысында лоторея ойнатылып, мереке концерттік бағдарламаға жалғасты. Супермаркет Орал қаласындағы «Жәңгір хан» сауда үйінің бір бөлімшесі. Мұнда тұрғындар шаруашылық, тұрмыстық, азық-түлік тауарлары мен жиһаз ала алады.

-Супермаркет 25 адамды жұмыспен қамтып отыр. Олардың барлығы да тасқалалықтар. Таңертеңгі 9-дан кешкі сағат 11-ге дейін қызмет көрсетеді. Бағасы қаламен бірдей. Біздің мақсатымыз халықтың сұранысын қанағаттандыру. Сонымен қатар ауданның кез келген аймағына тауарды жеткізіп беруді де қолға алып отырмыз. Яғни клиент тапсырыс береді, оны менеджер жинап, такси  арқылы тауарды тапсырыс берушіге жеткізеді. Ол жеткізілген тауарды түбіртек арқылы қабылдап алады, - дейді Қуанжан Олжабайұлы.

tasqala (25)

Салтанатты шарадан соң тұрғындар жаңа нысанның ішін аралап, сауда жасады.

Назгүл Серікқызы

суретке түсірген Мейірбек Тажкуранов

Тасқала ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале