5.10.2018, 11:40
Оқылды: 51

Тасқалада тіл жанашырлары марапатталды

Биыл «Тіл жанашыры – 2018» байқауы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаланы жүзеге асыру мақсатында Тасқала ауданының 85 жылдық мерейтойы мен қайырымдылық айы аясында өткізілді.

марапат

Айта кетейік, әр мекеме мемлекеттік тіл саясатын насихаттап,  қолданыс аясын кеңейту үшін белсенді қызмет келетін қызметкерлерін байқауға ұсынған болатын.

Сахнаға көтерілген аудан әкімінің орынбасары Л.Жұбанышқалиева шараға қатысушыларға алғысын айтып, бір топ тіл жанашырларын марапаттады. Олардың қатарында Т.Шакиров, А.Казиханова, Г.Искалиева, М.Мажитова, Г.Алмағамбетова, Г.Туралиева, Б.Батырова, С.Орахова мен З.Күлмалиева бар.

Сондай-ақ сахна төрінен көрінген шара қонағы БҚО тілдерді дамыту басқармасының бөлім басшысы С.Ганиева мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыруға қосқан үлестері үшін алғыс хаттар табыс етті. Бұл ретте Н.Желаева, Ә.Ташимов, Д.Уразалиева мен М.Лұқпанов марапатталды.

Аталмыш шарада халықаралық байқаулардың лауреаттары Д.Есентеміров, А.Исламғалиев, Б.Қажығалиев, Ф.Оразов пен М.Жабылов өнер көрсетті. Шара қонақтары болған ақындар Т.Мықи мен А.Бисенғалиев жиналғандарға айтыс өнерін тарту етті. Сахна төрінде тасқалалықтарға жыр арнаған ақындарға халық қошеметін аямады.

Кеш соңында аудан әкімінің орынбасары Люция Әсетқызы қонақтарға алғысын жеткізіп, ауданның игі шараларының жанынан табылатын азаматтарға алғыс хат табыс етті.

Әсем СЕРІКҚАЛИ,

Тасқала ауданы

111_4625

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтары біздің Telegram-парақшамызда. Жазылыңыздар!

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале