9.06.2019, 15:17
Оқылды: 154

Тасқалада тұрғындар мен шекарашылар таңдау жасады    

Тасқала ауданы бойынша сайлау науқаны таңғы сағат 7-де салтанатты жиынмен басталды. Мемлекеттік Гимн орындалып болған соң, аудан әкімі А.Халелов пен Тасқала ауылдық округінің ардагерлер кеңесі төрағасы М.Залиев сөз сөйлеп, сайлау науқанына  сәттілік тіледі.

taskala (2)

Айта кету керек, ауданда 24 сайлау учаскесі болса, оның 5-еуі аудан орталығында орналасқан. Сайлаушылар саны 11735. Қазіргі таңда 1240 адам өз таңдауын жасап үлгерді.

Сайлау науқанын бақылауға арнайы бақылаушылар мен үміткерлердің сенімді өкілдері қатысуда.

taskala (4)

Тасқала ауданы бойынша барлық сайлау учаскелері қажетті құралдармен, байланыс телефондарымен қамтылған.

№330 сайлау учаскесі бойынша келіп дауыс берген ҰҚК шекара қызметкерлерінің ұйымшылдығын атап өткен жөн. Олар ұжым болып таңғы сағат 7-де өз дауыстарын беріп, алғашқылардың бірі болып өз таңдауларын жасады.

taskala (3) taskala (5) taskala (6)

Назгүл Серікқызы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале