27.10.2020, 9:52
Оқылды: 42

Тасқалада тыл ардагерлеріне құрмет көрсетілді

Жуырда Орал қаласының еріктілері «Жеңіс» жобасы аясында тыл ардагерлеріне жолығып, оларға тұрмыстық техникалар, атап айтсақ, тонометр, микротолқынды пеш және тоңазытқыш тарту етті.

адал көмек (1)

Аталмыш жоба «СамұрықҚазына Траст» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры арқылы жүзеге асып келеді. Онда еріктілерден құрылған топ көмекке мұқтаж ардагерлердің халін біліп, қажет жағдайда көмек қолын созуда. Бүгінде ескерусіз, жалғыз ғұмыр кешіп жатқан ардагерлер жетерлік. Қайырымдылық айлығындағы бұл тосын құрметке жаны жүдеу, қамкөңіл жандар риясыз пейілмен алғыстарын жаудырып, көздеріне қуаныштан жас алды.

– Сұрапыл соғыста тылда еңбек еткен ардагерлер ерлігі – ұрпаққа өнеге. Бейбіт өмір сүріп жатқанымыз осы үлкендердің ерлігі арқылы келгенін естен шығармағанымыз абзал. Ардагерлердің басқа да мұқтаждары болса, қолдан келгенше көмектесеміз. Тыл ардагерлерінің тізімін аудандық ардагерлер ұйымынан алдық. Бұған дейін ауданда тұратын қарияларға үй шаруашылығында оны-мұны жұмыстарын реттеуге көмек көрсетіп жүрдік. Сондықтан ардагерлерді тек 9 мамыр күні ғана емес, әрқашан есте сақтап, жәрдем беріп, алғыс білдіру керек деп ойлаймын. Биыл – еріктілер жылы. Өз басым, бұған дейін де волентерлықпен айналысып жүрдім. Өз еркіммен көмектесіп жүргеніме үш жылдай болды. Біз енді ардагерлерге үнемі қуаныш сыйлауды дағдыға айналдырсақ па деп отырмыз. Өйткені жақсылық жасау адамға керемет сезім сыйлайды, жаныңды жадыратады, – деп ағынан жарылды волонтер Асан Сүлейменов.

Б.Бек,

Тасқала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале