28.12.2018, 16:42
Оқылды: 39

Тасқалада волейболдан облыстық турнир өтті

Тасқалада ауданның әлеуметтік дамуына өзіндік үлесін қосқан Әділбек Алдамжаровты еске алуға арналған кәсіптік білім беру қызметкерлері арасында облыстық волейбол турнирі өтті. Айта кетейік, аталмыш дода тоғызыншы мәрте ұйымдастырылып отыр.

волейбол

         Өңір бойынша жарысқа қатысуға арнайы келген білім қызметкерлері ауданымызда бас қосты. Шараның ашылу салтанатына Әділбек Төлепқалиұлынның інісі Ақылбек пен ұлы Шыңғыс Алдамжаровтар келді.

         Ашылу салтанатында сөз алған ұлы Шыңғыс Әділбекұлы барша қатысушыларға сәттілік тіледі.

         Күн ұзағына созылған спорт додасына қатысушылар арасынан Орал қалалық агро-техникалық колледжі оза шауып, жеңісті қанжығаларына байлады. ІІ орынға Тасқала колледжі спортшылары табан тіресе, Ақжайық колледжі ІІІ орынды қанағат тұтты.

         Сондай-ақ әдемі ойын көрсете білген Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледж ойыншысы Б.Қайырғалиев «Үздік ойыншы» аталымымен марапатталса, Зеленов ауданынан келген А.Қамешев «Үздік қорғаушы» аталымына ие болды. Ақжайықтық А.Шамелов «Үздік байланыстырушы», ал БҚАТУ ойыншысы И.Табылдиев «Үздік шабуылдаушы» аталымымен марапатталды.

Әсем СЕРІКҚАЛИ,

Тасқала ауданы

© zhaikpress.kz

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале