22.12.2020, 15:38
Оқылды: 102

Тасқалада «Жақсымен жарты сағат» атты кездесу кеші өтті

Тасқала ауданы орталығындағы «Сәулет» мектеп-лицейінде «Жақсымен жарты сағат» тақырыбында мерекелік кездесу кеші өтті. Жастарға Қазақстан Республикасының өткені мен болашағы, даму тарихы туралы мағлұматтар бере отырып, келешекке сеніммен қарауға, елжандылыққа, ұлтын сүюге, қастерлеуге үйрету – аталмыш шараның басты мақсаты.

жақысмен жарты сағат (2)

Шараға аудан әкімі Алдияр Халелов, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Думан Ғазез, сонымен қатар аудан жастары қатысты.

Алғашқы құттықтау сөз алған аудан басшысы: «Сіздерді еліміздің Тәуелсіздік алғанына 29 жыл толуымен құттықтаймын! Зор денсаулық, көңілдеріңе шаттық тілеймін. Атар әрбір таңдарың арайлы да шуақты, Тәуелсіздігіміз мәңгі болсын. Мемлекетіміз өсіп-өніп, өркендей берсін!» -  деді өз сөзінде.

– Аудан әкімі Алдияр Сансызбайұлының жастармен кездесуі барысында айтылған мәселелерге көңіліміз толып, ұзақ уақыттық жоспарларды бекіттік. Ең алдымен, жастардың қандай жұмыс атқарып жатқандығын, қай бағытта жұмыстанғандығын, оларға қандай көмек керектігін, ауданымыздың дамуына қатысты ұсыныс-пікірлерін тыңдап, жылы пікір алмастық.

жақысмен жарты сағат (1)

Аудан басшысы жастардың алдағы уақытта да биіктерден көрінуінге, еліміздің белсенді, әрі көшбасшысы болуға тілектестігін білдірді, - дейді Амангелді ауылдық округінің жастармен жұмыс жөніндегі маманы Аман Байғали.

Аудан әкімі Алдияр Сансызбайұлы балалық шағы, мектеп қабырғасында жүрген кездегі есте қалған қызықты сәттері жайлы да әңгіме өрбітті. Жастар көкейлерінде жүрген, өздерін қызықтырған сауалдарын қойып, жауап алды.

Болатбек Сапарғалиев,

Тасқала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале