29.11.2019, 11:29
Оқылды: 75

Тасқалада жаңа cот ғимараты пайдалануға берілді

Елбасы Ұлт жоспары «100 нақты қадам» бағдарламасында сот жүйесінің дамуы мен мақсат-міндетін айқын көрсетіп берсе, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев сот жүйесінің жұмыстарын одан әрі жетілдіруді және жүзеге асыруды қамтамасыз етуді тапсырған еді. Осыған орай сот саласы да талапқа сай реформаланып келеді. Тасқала ауданының орталығында жаңадан бой көтерген заманауи сот ғимаратының лентасы қиылды.

TASQALA SOT (2)

Оның ашылу салтанатына БҚО әкімінің орынбасары Тимуржан Шәкімов, аудан әкімі Алдияр Халелов, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету Департаментінің басшысы Наиль Ахметзакиров, БҚО сотының төрағасы Бек Әметов келді.

Тимуржан Шәкімов облыс әкімі Ғали Есқалиевтің ыстық сәлемін жолдап, барша тасқалалықтарды Тұңғыш Президент күнімен және сот ғимаратының ашылуымен құттықтады.

TASQALA SOT (1)

 -Жаңадан ашылған нысан аудан халқы үшін қызмет етеді. Заманауи технологиямен жабдықталған бұл ғимаратта қаралатын әрбір іс әділ шешіледі деп сенемін, - деді облыс әкімінің орынбасары.

TASQALA SOT (4)

Аталмыш нысанның құрылысы былтыр көшпелі әдіспен басталған. Оның жұмысын «Батыс Котломонтаж» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізді. Жиында нысан кілтін серіктестік басшысы Дамир Балмулдин сот төрағасы Асланбек Дүйсенғалиевке салтанатты түрде табыс етті. Ашылу салтанатынан кейін келген қонақтар сот ғимаратын аралап көрді.

Назгүл Серікқызы

Тасқала ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале