12.12.2017, 15:13
Оқылды: 33

Тасқалада жаңа стадион ашылды

 

111_5343Тасқала ауылында футбол және хоккейге арналған шағын стадион салтанатты түрде ашылды.

 Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында пайдалануға берілген нысанның ашылу салтанатына ауылдық округ әкімі Ж.Ахметов пен мекеме ұйым басшылары, сондай-ақ ауыл ақсақалдары мен жас спортшылар қатысты.

Шара барысында аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы М.Нәріков пен  еңбек ардагері Г.Хисаметдинов және спорт ардагері С.Досжанов ақ тілектерін арнады.

111_5354-Тәуелсіздік мерекесі қарасаңында жастардың бос уақыттарын тиімді өткізіп, салауатты өмір салтын қалыптастыруы үшін осындай  спорт алаңын ашып отырған аудан басшылығына ақсақалдардың алғыстан басқа айтары жоқ. Астана қаласында өткен жастармен кездесуінде Елбасы Н.Назарбаев тек қана дені сау, білімді ұрпақ қана елімізді 30 елдің қатарына шығара алады деп жастарға сенім артқан болатын. Сондықтан әр уақытта жаңа стадионымыз балалардың сыңғырлаған күлкісіне толып, жақсы спортшылардың өсіп, көбеюіне  тілекшіміз,- деді өз сөзінде Г.Хисаметдинов

Содан соң  еңбек ардагері Ғалым Ғайниұлы мен жас спортшы, дзюдо күресінен  республикалық турнирлердің жүлдегері А.Бекмурзин жаңа алаңның лентасын  қиды.

Н.ЖӘРДЕМОВА,

Тасқала ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале