27.11.2017, 18:13
Оқылды: 25

Тасқалада «Жас New» еріктілер клубы жұмыс жасауда

 

Тасқалада жастар жұмысы жөніндегі кезекті кеңес отырысы өтті. Оған кеңес мүшелерімен қатар аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының қызметкерлері қатысты.

Шарада биылғы жылдың10 айында Мереке, Мерей, Шежін және Тасқала ауылдық округіндегі жастар саясатының жүзеге асырылу барысы талқыланды. Бұл ретте сөз алған ауыл әкімдері жастар арасында қоғамдық белсенділікті арттыру, жұмыссыздықты жою мақсатында атқарылған жұмыстарды айтты.

Аудан жастарының денсауылығын аудандық орталықтандырылған психиатор-нарколог дәрігері А.Баисов тілге тиек етті. Бұл орайда жастар ортасында нашақорлықты және маскүнемдікті төмендету, жас отбасылардың денсаулықтары туралы ойын ортаға салып, өзіндік ұсынысын білдірді.

Бұдан өзге «Намыс» ЖҚБ төрайымы Г.Ералиева мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде Тасқала ауданы бойынша жастар саясатының жүзеге асырылу барысына тоқталса, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы М.Нәріков спорттық нысандардың жатсар үшін қолжетімділігі және жастар арасында бұқаралық спорттың дамуы туралы ойын ортаға салды. Жиын барысында:

-«Жас New» еріктілер клубының жұмысын жандандыру мақсатында орталығымыздың жанынан кабинет ашылған болатын. Бүгінде құрамында 25 адамдай бар. Өздерінің алдағы уақытта жүзеге асырамыз деген жоспарлары да жоқ емес. Сондай-ақ, қайырымдылық шараларын молынан ұйымдастыруға белсенділік танытып жүр,- деген жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының басшысы Рауан Сатыбалдиев еріктілер клубын қолдау бойынша ұсыныс-пікірімен бөлісті.

Әсем СЕРІКҚАЛИ,

Тасқала ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале