20.12.2017, 17:58
Оқылды: 56

Тасқалада жастар форумы өтті

Тасқалада «Жарқыра мәңгі елім менің» атты жастардың патриоттық  форумы өтті.

Жастармен сырласып, емен-жарқын әңгімелесуге Қадыр Мырза Әлі атындағы мәдениет және өнер орталығының маманы, айтыскер ақын Айнабек Бисенғалиев, тасқалалық егіз әнші Бақтияр мен Мадияр Мұхамбетовтар, республикамызға белігі «Назар аудар!» КТК командасының мүшесі, шежіндік Марс Жайлауов, БҚО жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының жастар бастамаларын қолдау бөлімінің маманы Гүлжанат Қаленова келді.

Кездесу барысында айтыскер ақын А.Бисенғалиев айтыс өнеріндегі жолы, азуы алты қарыс ақындармен топқа түскендігі жөнінде айтып берсе, Гүлжанат Қаленов ресурcтық орталықта атқаратын жұмысы жөнінде сөз етті.

-Тәуелсіздіктің қадірін елде жүргенде көп түсінбейді екенбіз. Қазір Башқұртсанның Уфа қаласында магистратурада білім алып жатырмын. Бұл елде Башқұртсан Республикасының күні бар. Бірақ кең көлемде аталып өтілмейді және башқұрт тілінде ән айтылып, жыр да оқылмайды екен. Башқұрт халқы бізге қызыға қарайды. Сондықтан да егемендік басты құндылығымыз екенін естен шығармайықшы, -деген Гүлжанат Оразбайқызы жастарға арналған коворкинг орталық пен еріктілер жұмысынан хабардар етті.

Сұхбат кезінде ағайынды Бақтияр мен Мадияр Мұхамбетовтар жастардың сауалдарына жауап беріп, әннен шашу шашты. Ал Марс Ғиниатоллаұлы КТК ойындарының қызығы туралы тілге тиек етті.

Динара БЕРІШ,

Тасқала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале