20.01.2017, 17:22
Оқылды: 60

Тасқаладағы шағын құс фабрикасы

Taskala kys01  Тасқала ауданында құс шаруашылығымен айналысып жүрген кәсіпкерлер бар. Аудандағы барлық дүкен тауық жұмыртқасын Орал қаласынан тасымалдайды. Осы тәуелділіктен құтылу мақсатында Тасқала ауылының тұрғыны Әбілқасым Абдрашитов шағын құс фабрикасын ашты.


  Аудан әкімі Санжар Әлиев шаруашылық иесімен кездесіп, жұмысымен танысты. Кәсіпкерге қол алған құс шаруашылығын одан әрі дамыуына, гүлденуіне тілек білдіріп, өзінің ақыл-кеңестерін берді.  Әбілқасым бұл ісінің берекелі боларына сенімді.

  Жаңа жұмысын бастағанына бір жыл болған кәсіпкердің бүгінде ісі ілгері баса бастапты. Әбілқасым Әбдрашитұлы 1987 жылы Өзбекстанның Самарқанд қаласында дүниеге келген. 2005 жылы Қазақстанға отбасымен көшіп келген. 2015 жылдың аяғында «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасының екінші бағыты бойынша 3 млн. теңге несие алып, кәсіпті бастаған. Сол қаражатқа құрылғылар мен балапандар сатып алып, қора салып алған. Алғашқы жылдары 1000 балапанмен бастаған кейіпкеріміз бүгінде олардың жұмыртқаларын орталықтағы дүкендерде саттыққа шығарып жүрген жайы бар.

  - Жергілікті өнімге ауыл тұрғындары тарапынан сұраныс бар. Қазіргі кезде күніне 600-ге жуық жұмыртқа алып отырмыз. Оның саны күн санап артып келеді. Бағасы да қолжетімді. Мемлекетіміздің шағын бизнесті қолдауының арқасында жеке кәсібімді ашып, үш адамды тұрақты жұмыспен қамтып отырмын. Олардың жалақылары да жұмысына қарай 50 мың теңге басталады, - дейді кәсіпкер. Ендеше, Әбілқасымның жұмысына сәттілік тілейміз.

Манас Әжіғалиев

Тасқала ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале