21.01.2020, 18:52
Оқылды: 273

Тасқаладағы Ы.Алтынсарин атындағы мектеп пен аудандық мәдениет үйіне күрделі жөндеу жүргізіледі

Тасқала ауданының Қазақстан ауылдық округінің әкімі Әлібек Сарсеновтің тұрғындар алдындағы есептік кездесуі өтті. Оған аудан әкімі А.Халелов, аудандық мәслихат хатшысы С.Рахимов пен мекеме басшылары қатысты.

tasqala esep (6)

Тұрғындар алдымен аудан әкімінің есебін бейнебаян арқылы тамашаласа, округ әкімі Әлібек Өренұлы да өз баяндамасында біраз жайларды тілге тиек етті.

 Жиында жарыссөзге қатысқан ауыл тұрғындары Ж.Тұрымбетов пен Н.Сисекешева округ әкімінің жыл бойғы жұмысына қанағаттанарлық деген баға бере отырып, бірі жол мәселесін көтерсе, енді бірі ауылдағы мектепке күрделі жөндеу жүргізу керектігін айтты. Одан әрі аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдараламалр бөлімінің басшысы Б.Кентоғаева жиналғандарға жаңадан тағайындалған АӘК кімдерге берілетіндігі жөнінде кең түсінік берді.

tasqala esep (4)

Аудан әкімі Алдияр Сансызбайұлы жиында көтерілген мәселелерге жауап бере келіп, биыл ауданда жүзеге асатын жұмыстарға тоқталды. Содан соң ауыл тұрғындарын жеке сұрақтар бойынша қабылдады.

 Есептік жиын Амангелді ауылдық округінде де өтіп, онда әкім Қазбек Жұмагереевтің жылдық есебі тыңдалды. Жиында ауылға банкомат қою, сондай-ақ поштадағы кезек, мал жаятын жердің жетіспейтіндігі және «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша келетін мамандарға жаңа үй салу мәселелері көтерілді. Әрі мұнда да жүн, тері өңдейтін немесе қабылдайтын цехтардың жоқтығы сөз болып, бұған басшылар ерекше назар аудару қажеттігі қозғалды.

tasqala esep (7)

Сұрақтарға аудан әкімі Алдияр Халелов нақты жауап берді. Биыл Ы.Алтынсарин атындағы мектеп пен аудандық мәдениет үйіне күрделі жөндеу жүргізілетіні, аудан орталығындағы ауылішілік жолдардың 85 пайызы жаңартылатыны айтылды.

Назгүл Серікқызы

Тасқала ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале