1.11.2017, 16:22
Оқылды: 35

«Тарихы мол, шежірелі Тасқалам» атты әдеби-сазды кеш өтті

IMG_8812«Аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі күні» аясында Ж.Молдағалиев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Тарихы мол, шежірелі Тасқалам» атты әдеби-сазды кеш өтті.

Шараға мәдени қызметкер А.Елжанова, Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармонияның әншісі, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі Ж.Рахимова мен Қ.Қожақов, биші Р.Құжекешова, театр әншісі М.Әмірханов қатысты. Өз кезегінде сөз алған Тасқала аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы М.Нәріков кітапхана қызметкерлеріне алғысын білдірді.

-Кітап оқу кез келген заманда ең сәнді дүние болмақ. Сондықтан бүгінгі таңда жастар бойында кітап оқуға деген қызығушылықты ояту керек. Осы орайда ауылдық, аудандық кітапханаларында жасайтын әр қызметкердің еңбегі елеулі.

Сондай-ақ ақын Айтқали Нәріковтің шығармашылығына арналған кітап көрмесі көпшілік назарына ұсынылды. «Жүрегі жырдан жаралған» атты көрме барысында ақынның «Көк майса», «Тыныштықты тілеймін», «Самал», «Қырық жыл – қырық жыр», «Сағыныш» жыр кітаптары таныстырылып, өлеңдері мәнерлеп оқылды.

Мұнан соң көрермендер «Туған өлкем – Тасқалам» әдеби-сазды альянсы ұйымдастырылып, аудандық мәдени-демалыс орталығы көркемөнерпаздарының тартуына куәгер болды. «Өлкетану жұмысындағы жаңа ақпараттық мүмкіндіктер» мультимедиялық дискілердің презентациясы да назардан тыс қалмады.

Әсемгүл БЕКЕШЕВА,

Тасқала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале