3.04.2018, 11:49
Оқылды: 60

Тасқалалық аяқдопшылар турнир жеңімпазы атанды

футбол1Бұқаралық спортты кеңінен дамыту мақсатында Орал қаласында шағын футбол спорт түрінен өткен додада тасқалалықтар жеңімпаз атанды.

«Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында ұйымдастырылған сайысқа өңір бойынша 7 команда қатысып, өз мықтылықтарын танытып бақты. Сондай-ақ аталмыш жарыс салауатты өмір салтын насихаттау мен шұғылданушы спортшылардың шеберліктерін арттыру мақсатын көздеді.

Нәтижесінде аудан намысын қорғаған жерлестеріміз 1-орыннан көрінсе, 2-орынға Сырым ауданы құрамасы жайғасты. Ал жүлделі 3-орынды Қазталов ауданы командасы қанжығасына байлады.

Әсемгүл Серікқалиқызы,

Тасқала ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале