15.05.2017, 10:32
Оқылды: 49

Тасқалалық азаматтар ардагерге көмек қолын созды

taskala komek    Тасқала ауданы Ақтау ауылдық округінің тұрғыны, Ұлы Отан соғысының ардагері Абдол Абдрахов ақсақалға жаны жомарт жандар демеушілік көрсетті.


      Ардагер тозығы жеткен қора-қопсыларының құлап тұрғанын айтып,  оны жаңадан тұрғызуға аудан әкімі Санжар Әлиевтен  көмек сұраған болатын. Көп кешікпей Санжар Жұматайұлының мұрындық болуымен «BRAT.М» ЖШС директоры Б.Сақыпкереев құрылысқа қажетті материалдарды жеткізіп берді.

      Майдангер өтінішінің аяқсыз қалмай, дәл уақытында көмек қолын созған аудан басшысы мен демеушілік танытқан жеке кәсіпкер Б.Сақыпкереевке алғысын білдірді.

Ә.Бекешева

Тасқала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале