12.04.2018, 11:48
Оқылды: 27

Тасқалалық бард әншілер табысты өнер көрсетті

бард песниАстана қаласында Қазақстанның авторлық әндер жанрына қолдау көрсету, жастардың шығармашылық шеберліктерін шыңдау мақсатында «Струнная капель- 2018» фестивалі  өтті.

Мұнда әр облыстан келген 16-18 жас аралығындағы жас бард әншілер өз өнерлерін көрсетіп, бақ сынасты. Аталмыш байқауға Тасқала ауданынан Қ.Сәтпаев атындағы орта мектептің 11-сынып оқушылары Райымбек Губайдуллин мен Мақсат Тасболатов  қатысты. Олар бард әндерін орындау аталымы бойынша жүлделі І орын, қазақ әндері аталымы бойынша жүлделі ІІІ орынды жеңіп алды. Байқауда өнерпаздар ән айтумен қатар гитарада ойнау шеберліктерін көрсетті.

Әсем Серікқали,

Тасқала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале