9.12.2019, 17:18
Оқылды: 168

Тасқалалық бишілер Түркияда өтетін байқауға жолдама жеңіп алды

«Star Fox» халықаралық фестивалінде «Қиялдан» бишілер тобы бас жүлдеге ие болып, Түркия елінде өтетін байқауға жолдама жеңіп алды.

tasqala (1)

Орал қаласында өткен таланттар бәйгесіне жерлес бишілерден құралған үш топ қатысып, бақ сынап қайтты. Атап айтқанда, 14-17 жас аралығындағы өнерпаздардан құралған «Жібек жолы» тобы 1 орынға ие болды. 3-6 жас аралығындағы бишілерден құралған «Қиялдан» тобы «Жібек жолының» нәтижесін қайталады.

Үлкен сахнада екі бірдей биден шашу шашқан 7-9 жас аралығындағы бишілер «Қиялданның» ортаншы тобы да жеңіске қол жеткізді. Сондай-ақ маусым айында Түркия елінде өтетін халықаралық байқауға берілген жолдаманы қанжығаға байлап қайтты.

tasqala (2)

Айта кетейік, бишілердің жетекшісі Мейрамгүл Дүйсенғалиева дайындаған шәкірттер халықаралық байқауларда топ жарып жүр.

Жалпы «Қиялдан» үлгілі би ансамблі 2005 жылы хореограф Рысқаным Масалимованың бастамасымен құрылды. Қазір оған Мейрамгүл Дүйсенғалиева жетекшілік жасап келеді. Ансамбль 2009 жылы «Үлгілі» атағын қорғады. Топ құрамында 6-16 жас аралығындағы мектеп оқушылары бар. Айта кетейік, ансамбль осыған дейін республикалық, халықаралық байқаулардан жүлделі оралды. Солардың бірі 2016 жылы Шымкент қаласында өткен «Қазақстандық жазғы өнер және би ойындары» байқауында жеңімпаз атанды. 2018 жылы Алматы қаласында өткен «Планета искусств» халықаралық байқауының жүлдегерлері атанды.

Әсем Аманова

Тасқала ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале