16.11.2017, 15:32
Оқылды: 29

Тасқалалық депутаттар есеп берді

халық қалауларыТасқала аудандық мәслихат депутаттары жыл басынан бері атқарған жұмыстарының есебін берді.

Кездесуде мәслихат хатшысы С.Рахимов 2016-2017 жылдары республикалық, облыстық, аудандық бюджеттерден келіп түскен трансферттер арқылы Атамекн және Оян ауылдық округіндегі автомобиль жолы және аудан орталығының бірқатар көшелері күрделі  жөндеуден өткендігін айтты. Сонымен қатар, орта білім беретін мектептерге жаңа оқулықтар, компьютерлер, бейнебақылау камералары, «Робототехника» элективтік курсына қажетті құрал жабдықтар алынғандығын арнайы қаражат есебінен ауылдарда спорт алаңдары салынып, Оян ауылының  мәдениет үйі жөнделгендігін жеткізді. Тасқала ауылының Элеватор аумағын абаттандыруға және көшелеріне тас жол төсеу, аудан мектептерін қажеттілігіне қарай көлікпен қамтамасыз ету, ауданның жеке азаматтары үшін  ауыз су бағасының  құнын төмендету, мал вакцинациялаудың сапасын арттыру мақсатында жұмыстар жасау  ұсынылғандығын да мәлімдеді.

-Мәслихат депутаттары өз округ тұрғындарын мазалап жүрген мәселелерді атқарушы органның  алдына ұдайы көтеріп келеді. Тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін тыңдап, проблемаларды шешуге күш жігерлерін салып жатыр, - деді ол.

Бұдан кейін кезекпен мінберге көтерілген депутаттар сайлауалды бағдарламаларында көрсетілген мәселелердің қаншалықты оң шешімін тапқандығын баяндап берді.

Кездесу соңында тұрғындар ауыз су бағасының екі жылда төрт есе қымбаттағанын, элеватор аумағының кейбір көшелеріне әлі күнге дейін жарық шамдары орнатылмағанын, балалар ойнайтын спорт алаңдары тапшы екенін айтып, депутаттардан осыны шешулерін сұрады.

Тұрғындардың өтініштерін мұқият тыңдаған халық қалаулары аталған мәселелерді шешу үшін жұмыстанатындарын айтты.

Есенжол ЕЛЕКЕНОВ

Тасқала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале