28.04.2018, 17:19
Оқылды: 34

Тасқалалық қос спортшы жүлделі оралды

Орал қаласындағы Д.Елеусінов атындағы спорт кешенінде облыстық ІХ жазғы спартакиада өтті.

Салауатты өмір салтын насихаттаған дода мектеп оқушылары мен колледж студенттерінің басын қосты.  Оған аудандар мен қатар Орал қаласының намысын қорғаған спортшылар қатысып, өз мықтылықтарын танытып бақты.

Екі күнге созылған жарыс нәтижесінде жерлесіміз Талғат Ажғалиев 110 келі салмақта бақ сынап, жеңіс тұғырынан көрінді. Ал 51 келі салмақта сынға түскен Ернар Сағынгереев жүлделі 3 орынға табан тіреді.

Әсем СЕРІКҚАЛИ,

Тасқала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале