19.10.2017, 17:46
Оқылды: 84

Тасқалалық құтқарушылар марапатталды

Құтқарушылар күні (21)Тасқала ауданы әкімінің орынбасары Арсен Баяндықов аудандық төтенше жағдай мен өрт сөндіру бөлімі қызметкерлерін құтқарушылар күнімен құттықтап, аудан әкімі атынан алғыс хат табыстады.

-Құтқарушының жұмысы өте жауапты. Биыл еліміздің құтқарушылар қызметінің құрылғанына  - 22 жыл. Құтқарушылар төтенше жағдай тіркелген кезде қауіп-қатердің басынан табылып, жедел жұмыс жүргізе білді.Төтенше жағдай мен өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері кез келген сәтте халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге дайын. Ел алдында лайықты құрметке ие. Сіздерді кәсіби мерекемен құттықтап, амандық тілеймін, - деді Арсен Толқынұлы.

Алғысқа кенелген қызметкерлер қатарында төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы М.Шауенов, аталмыш бөлімнің қызметкерлері М.Батырашев пен А.Доскалиева, аудандық №13 өрт сөндіру бөлімінің басшысы Б.Қонатаров, бөлімнің қызметкерлері Ә.Умбеталиев, Е.Базарбаев, М.Байзенов, Н.Кущанов, Н.Салмин, С.Сатыбалдиев бар.

Шара барысында құтқарушыларды аудан әкімі аппаратының басшысы М.Мырзаш, саланың ардагерлері, ауылдық округ әкімдері де құттықтады.

Динара БЕРІШ,

Тасқала ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале