27.11.2017, 11:15
Оқылды: 21

Тасқалалық қызметкерлер марапатталды

 

«Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің күні» мерекесіне орай Орал қаласында аталмыш сала үздіктерін марапаттау салтанаты өтті.

Тасқала ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуына өзіндік үлесін қосып келе жатқан бір топ сала қызметкерлерінің еңбегі еленді. ҚР ауыл шаруашылығы министрлігінің Құрмет грамотасымен аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы С.Шукуров марапатталды.

Сондай-ақ аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы А.Керейәулеті өз саласының үздігі деп танылып, өңір басшысы А.Көлгіновтің алғыс хатын иемденді. Бұған қоса, мемлекеттік бағдарламалар аясында белсенділік танытып келе жатқан шаруашылық жетекшілері Н.Хасанов пен Н.Аюпов, «Луч» шаруа қожалығының механизаторы Н.Хохлов үздік деп танылды.

Әсем СЕРІКҚАЛИ,

Тасқала ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале