22.12.2017, 15:52
Оқылды: 60

Тасқалалық оқушылар Әбіш оқуларынан жүлделі оралды

IMG-20171222-WA0030Орал қаласында халық жазушысы, қоғам қайраткері Әбіш Кекілбаевтың шығармаларын кеңінен насихаттау мақсатында екінші облыстық «Әбіш оқулары - 2017» байқауы өтті.

Байқауға өңір аудандары мен қала мектептерінің оқушылары қатысып, бақтарын сынаған.

Сайып келгенде, тасқалалық Ақырыс Романқызы Ә.Кекілбаевтың шығармаларын мәнерлеп оқудан жарысқа түсіп жүлделі ІІІ орынға ие болды. Ал Інжу Қанбаева жазушының шығармашылығына қатысты жоба қорғаса,Нұрбек Ахметқалиев тұлға туындыларына байланысты иллюстрациялық суреттер салу сайысына түсіп арнайы аталымға ие болды. Жазушының «Үркер» романынан үзінді сахналаған Тасқала ауданы Оян мектебінің оқушылары «Сахналық қойылым» аталымы бойынша жеңімпаз атанды.

Айта кетейік, жеңімпаздар Ақтау қаласында өтетін ІI аймақтық «Әбіш оқулары» байқауында облыс намысын қорғайтын болады.

Динара БЕРІШ,

Тасқала ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале