11.04.2018, 16:01
Оқылды: 71

Тасқалалық оқушылар халықаралық робототехника фестиваліне қатысты 

Наурыз айының 30-31 күндері Қарағанды қаласында 800-ге жуық команда қатысқан  «Роболэнд - 2018» төртінші халықаралық робототехника және инновациялық технологиялар фестивалі өтті. Оған  Тасқала ауданының мектептен тыс жұмыс орталығы мен «Сәулет» мектеп-лицейінің  оқушылары  қатысты.

Фестиваль оқушылардың шығармашылық белсенділігін дамытуға ықпал ету, оқытудың шығармашылық түрінің жаңа бағыты ретінде білім беру робототехникасының мүмкіндіктерін көрсету мақсатында өткізілді. Фестиваль аясында семинарлар, шеберлік сабақтары, робототехникалық өнімнің көрмелері мен таныстырылымдары ұйымдастырылды, сондай-ақ оқушылар арасында 32 бағыт бойынша робототехникадан ашық чемпионат өтті.

1500 оқушы қатысқан шарада 771 команданың арасынан «Сәулет» мектеп-лицейінің оқушылары Рауан Базарбаев пен Данияр Мұқамбетов «Пазлы» аталымында ІІІ орынға ие болды. Ал, «Робофутбол» секциясында Артур Талғатов, Қамқор Қабенов пен Ерасыл Талапов ІІІ орынды еншіледі. Сондай-ақ мектептен тыс жұмыс орталығы жанынан құрылған «ЦВР» және «Тесло» командалары марапатталды. Байқауға қатысқан барлық жеңіспаздар мен оладың жетекшілері арнайы сертификатқа ие болды.

Г.Бирниязова

Тасқала аудандық балалардың мектептен тыс

жұмыс орталығы директорының

 оқу-тәрбие орынбасары 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале