18.06.2018, 11:44
Оқылды: 23

Тасқалалық палуандар жүлделі оралды

Облыс орталығында өткен «Орал» спорт клубының қалалық турнирінен жерлестеріміз жүлдемен оралды. Қазақ күресі спорт түрінен бақ сынаған спортшылар аудан намысын абыроймен қорғап шықты.

Атырау және Ақтөбе облыстары мен өңіріміздің өзге де аудандарынан келген спортшылар дайындықтары мен жеңіске деген құлшыныстарын көрсетті. 150-дей спортшы қатысқан додада 50 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен Д.Мамбетов жеңімпаз атанды. Сондай-ақ 29 келі салмақта С.Ерболатов, 32 келі салмақта И.Мұстафин мен А.Сапарғали, 46 келі салмақта А.Бақытжанов жеңіс тұғырынан көрінді.

 Өз тілшіміз

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале