29.05.2018, 11:08
Оқылды: 51

Тасқалалық спортшылар Атыраудан жүлделі оралды

Атырау қаласында дзюдо күресінен өткен облыстық біріншілікте  Тасқала ауданы спортшылары биіктен көрінді.

Балаларды қорғау күніне орай ұйымдастырылған спорттық додаға Маңғыстау және Ақтөбе облыстарынан бөлек, Калмыкия Республикасынан келген үміткерлер жеңісті қолдан бермей бақты.

Нәтижесінде 23 келі салмақта белдескен жерлесіміз А.Бисен жеңіс тұғырынан көрінді. Ал 26 келі салмақта өнер көрсеткен Д.Сырымов ІІ орынға табан тіресе, ІІІ орын А.Бекмурзинге бұйырды.

Ә.Бекешева,

Тасқала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале