22.01.2021, 10:32
Оқылды: 82

Тасқалалық тыл ардагерімен кездесті

«Ұрпақтар сабақтастығы» аясында аудан жастары  тыл ардагері Арон Жұбанышевпен кездесті.

арон ата

Жастармен кездесуде ардагер өзінің еңбек жолдарымен, тәжірибелерімен бөлісті. Жастарға өлке тарихы, ұлт тәрбиесі, салт-дәстүр туралы мағыналы әңгімелерін жеткізді.

Одан бөлек, жастардың қойған қоғамдағы кемшіліктер, дәстүрдің дамымай жатқан тұстары туралы сұрақтарына өз пікірін айтып, кеңес беріп, шынайы әңгіме өрбітті.

Ардагер «Nur Otan» партиясын сайлаудағы жеңісімен шын жүректен құттықтады.

Жастар неден қателеспеуі керек, қандай бағытқа басымдылық берген дұрыс екендігін де тілге тиек етті.

 

Гүлмира Мақанова,

Тасқала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале