23.08.2017, 11:15
Оқылды: 39

Тасқалалық жас шекарашы марапатталды

ҚР Ұлттық қауіпсіздік Комитеті Шекара қызметінің 25 жылдығы аясында «Бейнеу 2087» әскери бөлімінде келісімшарт арқылы қызмет атқарып жүрген тасқалалық Арман Қазбеков «ІІ дәрежелі шекара қызметінің үздігі» медаліне ие болды.


Тасқала ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығының міндетін уақытша атқарушы, аға лейтенант  А.Жансейітов марапаттауды кейіпкеріміздің ата-анасына салтанатты түрде табыстай отырып: - Бұл кез келген шекара қызметшісіне беріле бермейтін сый. Жақында ғана әскер қатарынан келген Арман ұлдарыңыздың осындай марапатқа ие болғанына қуаныштымыз және болашағынан үлкен үміт күтеміз,- деп атап өтті.

Әсемгүл БЕКЕШЕВА,

Тасқала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале