31.07.2017, 12:55
Оқылды: 37

Тасқалалық жастар ерекше шара өткізді

Тасқала аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы мен «ЖасNew» еріктілер клубының ұйымдастыруымен «Жазғы кеш» атты шара өтті.


Ауыл жанындағы жағажайда басқосқан жұртшылық алдымен суға шомылып, сергіп алды. Мұнан соң жігіттер арасында суға жүзуден сайыс ұйымдастырылды. Сондай-ақ «Суда аударыспақ», «Кермеден өту» секілді біраз ойын түрлері өтті. Сайысқа табандылықпен қатыса білген жастарымызға бағалы сыйлықтар табысталды.

Көңілді шараның соңы би кешімен жалғасты.

Әсемгүл БЕКЕШЕВА,

Тасқала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале