8.11.2017, 12:02
Оқылды: 15

Тасқалалық жастар тіл мәселесін талқылады

 

ойларын ортаға салды фотоТасқала ауданындағы Ы.Алтынсарин атындағы мектепте үштілділік тақырыбында ашық пікір-сайыс өтті. Оны аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы мен «Намыс» жастар қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды.

Жақтаушы тарапта болған С.Жақсығұлов атындағы мектептің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі В.Воронцов пен аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің статист маманы М.Лұқбанов үштілділікте білім алу заман талабы екенін айтты. Сондай-ақ еліміздің экономикасы қарыштап дамуына және дамыған 30 елдің қатарына қосылу үшін дәл қазіргі таңда үштілдік қажет екенін мәлімдеді.

Ал қарсы тараптағы Ы.Алтынсарин атындағы мектептің тарих пәнінің мұғалімдері С.Ахметов пен Т.Ажғалиев тәуелсіздік алғанымызға 26 жыл болсада әлі күнге дейін қазақ тілі мемлекеттік тіл дәрежесіне жете алмағанын айтып, балаларды үш тілде оқытуға әлі ерте екенін баяндады. Үш тілде білім беру заман талабы дегенмен, түбінде қазақ тілінің құлдырауына әкеліп соқтыруы ықтимал екенін баса айтты. Қазіргі таңда балабақшаларда кішкентай бүлдіршіндерге ағылшын тілін үйретіп жатыр. Ертеңгі күні қазақ баласы ана тілін ұмытып кетпесіне кім кепіл?!          Біз ана тіліміздің мәртебесін көтергіміз келсе, әзірге үштілділік реформасын алып тастау қажет, - десті олар.

Шара соңында пікір-сайысқа қатысып, өз ойын ашық білдергендері үшін «Намыс» жастар қоғамдық бірлестігінің төрайымы Г.Молдашева естелік сыйлықтар тарту етті.

Е.ЕЛЕКЕНОВ,

Тасқала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале