14.12.2018, 18:34
Оқылды: 115

Тасқалалықтар аудан әнұранына айналған әннің авторларына құрмет көрсетті

Тасқалалықтардың төл әніне айналған «Жайнай бер, Тасқала» әнінің авторлары мен оның орындаушысына аудан әкімдігі мен аудандық мәслихаттың Құрмет грамотасы табысталып, иықтарына шапан жабылды.

автор

Ширек ғасыр бұрын дүниеге келген әннің авторы ақын, Т.Айбергенов атындағы сыйлықтың иегері, «Жайық Пресс» медиахолдингі бас директорының орынбасары Ғайсағали Сейтақ, композитор, Қазақстан композиторлар Одағының мүшесі, «Құрмет» орденінің иегері, «Қадыр Мырза Әлі» қоғамдық қорының директоры Донеділ Қажымов пен әннің орындаушысы, аудандық мәдени-демалыс орталығының қызметкері Хайретдин Сұлтангереевке құрмет көрсетілді.

            Тәуелсіздік қарсаңында өткен мерекелік кешке арнайы қатысқан құрметті қонақтар сахна төріне шығып аудан тұрғындарына деген игі тілектерін жеткізді.

-Бізге көрсетілген құрмет өнерге көрсетілген құрметпен тең. Әннің ширек ғасыр бойы өмір сүріп, өз тыңдарманын тапқаны сіздердей өнер сүйер қауымның арқасы. Ыстық ілтипаттарыңызға мың алғыс,- деді өз кезегінде Донеділ Ізмағанбетұлы.

Жүрек жарды тілегін жеткізген ақын Ғайса-Ғали Самиғоллаұлы сөз соңында:

  • Айдынында жүзгенде өнер-кеме,

Жан бітеді, тал, терек, еменге де.

Тауым болып асқақтап тұра бергің

Сен мәңгілік, Тасқала, төмендеме!- деп тасқалалықтарға арнаған жыр шумақтарын оқып берді.

25 жылдық тарихы бар әннің авторлары мен оның орындаушысына құрмет көрсету сәтін өнер десе ішкен асын жерге қояр тасқалалықтар тарихи оқиғаға айналдырары сөзсіз.

автор2

Әсемгүл БЕКЕШЕВА,

Тасқала ауданы

© zhaikpress.kz

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале