11.10.2018, 12:25
Оқылды: 24

Тасқалалықтар додада дес бермеді

Оралда гір спортынан және қол күресінен спорт ардагері, жаттықтырушы Н.Коломоецтің жүлдесіне арналған ашық облыстық турнир өткізілді.

қол күрес

Жарыс нәтижесінде қыздар арасында бақ сынасқан тасқалалық Э.Уразаева жүлделі ІІ орынды жеңіп алды.

Ұлдар арасында 55 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен А.Дәулетқалиев ІІІ орынға табан тіресе, 80 келі салмақ дәрежесінде Б.Ахметқалиев жүлделі ІІ орынды еншіледі.

Әсем СЕРІК,

Тасқала ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтары біздің Telegram-парақшамызда. Жазылыңыздар!

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале