4.10.2018, 10:08
Оқылды: 47

Тасқалалықтар қарияларды құттықтады

Тасқалада қариялар күніне орай аудан ақсақалдарына құрмет көрсетілді.
0ариялар

Дастархан басында бас қосқан қарияларды аудан әкімінің орынбасары Л.Жұбанышқалиева құттықтап, ұзақ ғұмыр тіледі. Ауданның экономикалық-әлеуметтік даму жолында қызмет атқарған олардың еңбектері елеулі екенін айтты.

Сондай-ақ ұзақ жылдар аудандық статистика басқармасының басшысы болған Н.Чапуринаны 70 жас мерейтойымен құттықтап, аудан әкімінің алғыс хатын табыс етті.

         Шара барысында ауыл қариялары өз лебіздерін білдіріп, алғыстарын айтты. Құрмет көрсетіп жатқан ауыл азаматтарына бата берді.

         Айта кетейік, аудандық мәдени-демалыс орталығының көркемөнерпаздары жиынға қатысқандарға әннен шашу шашты.

Әсем СЕРІКҚАЛИ,

Тасқала ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтары біздің Telegram-парақшамызда. Жазылыңыздар!

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале