26.05.2017, 17:39
Оқылды: 46

Тасқалалықтар садақа берді

????????????????????????????????????

   Бүгін Тасқала ауданы тұрғындарының атсалысуымен «Жастар» стадионында садақа берілді.

      Сауабы мол шарада аудандық мешіттің бас имамы А.Ибрашев құран оқып, қашанда елімздің аман, жеріміздің тыныш әрдайым халқымыздың бірлікте, ынтымақта болуына және дүниеден өткен ата-баба рухына арнап дұға тіледі.


    Сондай-ақ Айдын Бақытұлы жиылған қауымға садақаның сауабы туралы, дүниеге құмартпай жиған тергеніңді осындай игілікті іске жұмсау жайында әсерлі уағыз айтты.

     Сонымен қатар садақада ауыл ақсақалдары сөз сөйлеп, бұндай игі шараның өсіп келе жатқан өскелең ұрпаққа берері мол екендігін айтып өтті. Жыл сайын өтетін игі шараға үлкен қолдау білдірген аудан әкімшілігіне өз ризашылықтарын жеткізді.

Е.ЕЛЕКЕНОВ

Тасқала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале