24.08.2019, 13:56
Оқылды: 61

Тасқалалықтар сенбілікке шықты

Тасқала ауданы Тасқала ауылдық округінің ұйымдастыруымен жалпы аудандық сенбілік өткізілді.

(5)-800x600
Оған 59 мекеме қатысты.
Таңертеңнен күрек, сыпырғы ұстаған әр мекеме қызметкерлері көше бойын тазартты. Арнайы көліктер қоқыстарды аудан сыртына шығарды.

сенілік (3)-800x600
Аудан аумағын көріктендіру, тазалау және көгалдандыру мақсатында өткізілген жалпы аудандық сенбілікте бірқатар жұмыс атқарылды. Берілген мәлімет бойынша сенбілікке  350 адам қатысып, 10 шақырымдай жол жиегі, 10 текше метр күл-қоқыс шығарылған. Жұмысқа барлығы 2 техника жұмылдырылды.

Болатбек Сапаргалиев,
Тасқала ауданы,
zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале