25.04.2017, 16:31
Оқылды: 16

Тасқалалықтар жеңіспен оралды  

 

Жәнібек ауданында спорт ардагері, гір спортынан БҚО-ның бірнеше дүркін жеңімпазы Максим Жамаладдинұлының жүлдесі үшін қол күресінен ересектер арасында ашық біріншілік өтті.


Біріншілікке ауданымыздың құрама командасы қатысып, жүлделі орындар алып келді.

Атап айтсақ, І орынға Әсет Хайршақов (60 келі), Алмаз Туркаев (65 келі) және Жаслан Нұғмановтар (75 келі) ие болса, ал Алмаз Хайршақов (80 келі) , Нүркен Маштаковтар ІІ орынға табан тіреді.

Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлер марапатталды.

 Манас Маратұлы

Тасқала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале