12.03.2019, 19:18
Оқылды: 26

40 тонна қиыршық құм дайын

Биыл көктемгі су тасқынының алдын алу бағытында Сырым ауданында қарбалас жұмыстар жүргізілуде.

қар шығару 1

Бүгінде аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің қорынан арнайы қаражат бөлініп, Жымпиты, Өлеңті, ауылдары орталығындағы қар үйінділері арнайы орынға тасымалдануда. Бұл жұмысты тындырымды атқарып, көшелерді қардан уақтылы тазартуда жеке кәсіпкерлер Асхат Мамбетқазиев, Нұржан Бисенғалиевтың, «Сырым» МКК-ның арнайы техникалары белсенділіктер танытты.

 – Күні бүгінге дейін Жымпиты, Өлеңті, ауылдарынан 5200 текше метр қар үйіндісі арнайы орынға шығарылды. Қар шығару жұмыстары әлі де жалғасуда. Ауданда су тасқынынан келер қауіп жоқ. Жердің тоңы жібіп, қар сулары тез сіңіп жатыр. Дегенмен, тасқын алды сақтық үшін арнайы жағар май қоры жасақталып, сусорғыш техникалар, 40 тонна қиыршық құм, 2500 қанар қапшық алынды. Көшелердегі су жүретін арықтар қардан тазартылып, тұрғындарға тасқыннан сақтана білу жөніндегі арнайы жадынамалар таратылуда,-дейді Сырым ауданы әкімі аппаратының төтенше жағдайлар жөніндегі бас маманы Серікбол Тәжібаев.

қар шығару

қар шығару 2 Мүсірбек Айташев,

Сырым ауданы

© zhaikpress.kz

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram -дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале